Цифрлық трансформация дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. Білім алушылар тек цифрлық құралдарды меңгеруі жеткіліксіз, қажет ақпараттық қауіпсіздік дағдылары мен қауіптерді түсіну.
Қазақстанда білім беруді дамыту саясаты оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Көптеген оқушылар әлеуметтік желі мен онлайн-платформаларда белсенді болғанымен, ақпараттық қауіпсіздік білімі жеткіліксіз.
Оқушылардың күнделікті өмірінде интернеттің рөлі артып, әлеуметтік желілер мен онлайн-ойындар жиі қолданылады. Бұл киберқауіптерге ұшырауына себепші.
Фишинг, жалған ақпарат, кибербуллинг, зиянды бағдарламалар, жеке деректерді жариялау – жасөспірімдер үшін маңызды қауіптер.
Информатика пәнінде ақпараттық қауіпсіздік тақырыптары бар, бірақ көбінесе теориялық тұрғыда оқытылады. Оқушылар қауіп атауларын біледі, бірақ нақты жағдайларда дұрыс әрекет етпейді.
«Code Rescue» технологиясы оқушыларды цифрлық қауіпсіздік агенттері ретінде қатыстыру арқылы киберқауіпті анықтау, зерттеу және алдын алу жолдарын үйретеді. Оқыту әдістері: әрекетке негізделген, проблемалық оқыту, геймификация, сандық білім беру, функционалдық сауаттылық.
Технологияның мақсаты – оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік білімді нақты өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру. Оқушылар теориялық біліммен қатар, нақты өмірдегі қауіптерді шешу тәжірибесін алады.