[Презентация] Сарысу ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің 2024 жылдың қорытынды есебі
Ауданда білім бөліміне қарасты 48 мекеме жұмыс жасайды. Олар: 27 мектеп, 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша (8 мемлекеттік, 3 жекеменшік нысанда) және 1 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті.
Сонымен қатар, 1 мектеп жанындағы интернат, 1 ресурстық орталық, 13 шағын орталық бар.
27 мектептің 22 орта, 4 негізгі,1 бастауыш мектептер, аталған мектептердің ішінде 2 мектеп -гимназиясы, 1 мектеп –лицейі. Өткен оқу жылын 9072 оқушымен аяқтап жаңа оқу жылы 9020 оқушымен басталды.
2024 жылдың қаңтар айында білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №253 бұйрығын негізге ала отырып жылдық жұмыс жоспары құрылды.
Әдістемелік кабинет жұмысын «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 273 бұйрығы негізінде жүргізілуде.Аталған бұйрық бойынша білім бөлімі мен білім беру ұйымдарында 3 жылға даму жоспарлары жасалынған.
2024 жылдың 13-14 ақпан күндері жалпы білім беретін мектептердің басшыларының орта білім беру жүйесін жетілдіруде даму жоспарын талдау мақсатында аудандық комиссия құрылды. Құрылған комиссия мүшелерімен білім бөлімінің мәжіліс залында «ZOOM» платформасы арқылы мектеп директорлары даму жоспарларын қорғады. «ZOOM» платформасына Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының маманы Ғ.Омарбекова қатысқан болатын. Сол кезде даму жоспарында кеткен кемшіліктер аудандық комиссия мүшелерінің қатысуымен түзетіліп, хаттамаланды.Әр оқу жылында мектептерде өзін-өзі бағалау талдау жұмыстарын жүргізген кезде осы даму жоспары басшылыққа алынып, келер оқу жылына міндеттер қойылады.
Автор презентации
sarysubilim
Получите эту презентацию бесплатно в личном кабинете после быстрой регистрации