[Презентация] Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз
1644 жылы Қытайда билік басына Цин әулеті келді. Қытайлар өз елін «Аспан асты империясы», ал императорын «Аспан ұлы» деп атады. Ал қалған барлық мемлекет өкілдерін варвар санады (ішкі – моңғолдар, тибеттіктер; сыртқы – көрші халықтар; қызыл шашты – ағылшындар). Қытайға ең алғаш келген еуропалықтар португалдықтар еді, содан кейін голландтар мен ағылшындар келді. 1649 жылдан бастап қытай көпестеріне Цин империясының аумағынан тыс жерде сауда жасауға тыйым салынды. 1724 жылы император Юнчжэн христиан миссионерлерін заңсыз деп жариялады. 1757 жылы император Цяньлун Қытайды жабу туралы жарлық шығарды. Ел туралы ақпараттың таралуына жол бермеу үшін қытайларға шетелдіктерге қытай тілін үйретуге, қытайша кітап сатуға тыйым салынды. XVIII ғ. ІІ жартысынан бастап сыртқы сауда «Гунхан» корпорациясы арқылы (13 қытай компаниясы) Кантон портында (Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай) Пекин шенеунігінің қатаң бақылауымен жүзеге асырылды. Шетелдік саудагерлерге Кантон маңындағы шағын аумақта ғана жүріп-тұруға рұқсат етілді. Сыртқы сауданың дамуына жергілікті шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері кедергі келтірді. Қытайлық тауар экспорты импортқа қарағанда басым болды. 1784 жылы қытай шайына кедендік баж салықтарының төмендеуі заңсыз сауданы азайтты, бірақ ағылшындар Қытайдан тауарларды күміспен сатып алғандықтан, Ұлыбританиядан ақшалай қаражаттың ағыны күшейді. 1792 жылы ІІІ Георг Қытайға Цин империясы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынас орнату, жаңа порттарды ашу туралы сауда шартын жасасу, сондай-ақ «Гунхан» корпорациясының монополиясын жою туралы келіссөздер жүргізу үшін елшілік жіберуге кірісті. 100-ден астам адамнан тұратын британдық делегацияның құрамына ғалымдар, суретшілер, дәрігерлер, аудармашылар, әскери адамдар және қызметшілер кірді. Елшілік миссиясының эскиздерін жасайтын суретшілерге (У.Александр, Т.Хики) ерекше рөл берілді. Дж. Маккартнидің император Цяньлунға индустрияландырудың жетістіктерін көрсету мақсатында әкелген сыйы қытайларды екіжақты өзара тиімді сауданы дамытуға ынталандыруы керек еді. Алайда, олардың қытайларға ешқандай әсері болмады және ол сыйлықтар алым ретінде қабылдады. Британдық елшіге Қытайда қажеттінің бәрі бар екенін және ағылшын тауарларына мұқтаж емес екенін білмейтін варвар тайпа ретінде қабылдайтындығы айтылды. Сонымен ең соңында Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орната алмаған Дж. Маккартни Ұлыбританияға қайта оралды. Ал, Қытайдың «жабық есік» саясаты XIX ғ. ортасына қарай Цин империясының Батыстың индустриалды елдерінен техникалық, әскери және экономикалық артта қалуына әкелді.
Автор презентации
Тимур Джумдаев
Получите эту презентацию бесплатно в личном кабинете после быстрой регистрации